Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу» туралы Жарлығына сәйкес өткен жұмада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті.

Қалыптасқан жағдайға байланысты қашықтықтан өткен есептік кездесу барысында Ақтоты Рахметоллақызы мәдениет және спорт саласының өткен жылдағы негізгі қызметтерін қорытындылап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады және ел азаматтарынан келіп түскен сұрақтарға онлайн жауап берді.
Баяндамада бүгінгі күні министрлік тарапынан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі» атты Жолдауын еліміздің мәдениет, туризм және тілдерді дамыту бағдарламаларында басшылыққа алынып отырғаны баса айтылды.
Сондай-ақ министр тарихи-мәдени мұраларды мемлекеттік деңгейде қорғау мен ұлттық жәдігерлердің жаһандық деңгейде насихатталуына және тарихи ескерткіштердің реставрациялық жұмыстарына да келер жылдан бастап баса назар аударылатындығына тоқталды.
Министр баяндамасынан сонымен қатар әдебиет, мәдениет пен өнерге қатысты мәселелер де тыс қалмады. Атап айтсақ, 2019 жылы Алаш арыстары – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойлары, қазақтың көрнекті қаламгерлері Әбдіжәмил Нұрпейісовтің – 95, Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойлары республика көлемінде, Қазақ КСР халық әртісі Әмина Өмірзақованың ғасыр тойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өткеніне тоқталған Ақтоты Рахметоллақызы, биылғы жылдың да қазақ руханияты үшін аса жауапты һәм тарихи оқиғаларға толы екендігін тілге тиек етті.
– 2020 жыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Әбу Насыр әл-Фарабидің – 1150 және ұлық ұлыс Алтын Орданың 750 жылдығы сынды маңызды мерейтойлық іс-шараларға толы. Осы жылы қазақтың көрнекті ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтудеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. 21 қаңтарда «Астана Опера» театрында ұлы Абайдың мерейтойын тойлаудың ресми түрде ашылуы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да ұлы ақын мерейтойы турасында ең басты мақсат – той тойлау емес, ой толғау, ой өрісімізді кеңейту екендігіне зор мән беріп отырғанын білесіздер. Соған сай алдағы уақытта ауқымды жұмыстар атқарылуы күн тәртібінде тұр, – деген А.Райымқұлова өткен жылдың мәдени оқиғаларын да пысықтап өтті.
Министр баяндамасында кино мен театр саласының жаңалықтары мен мәселелері де кеңінен сөз болды. Соның бірі – елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының еңселі ғимаратқа көшетін тарихи сәті. Осыған орай А.Райымқұлова театр ұжымының биыл жаңа ғимаратқа қоныс аударатындығы жайлы жағымды жаңалықты мәлім етті. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы» заңына өзгерістер енетіндігін, оның ішінде, әсіресе эстрададағы фонограмманы қолдануға қатысты нақты талаптар мен ережелер бекітілетіндігі де сөз етілді. Отандық кинематография мен жалпы сценаристердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік деңгейде дубляж саласына қарқынды көңіл бөлу һәм заманауи ұлттық киномызды әлемге таныту, сол арқылы қазақ мәдениетін жаһандық аренаға шығару мәселесі де министр баяндамасында жан-жақты сөз болып, нақты жұмыс жоспары жария етілді.
Бұдан бөлек, министр әлемде белең алған коронавирус пандемиясының спорт пен туризм саласына айтарлықтай залалын тигізгенін айта келіп, алдағы уақытта жүйелі жоспар құрылып, жұмыстар жаңа жолға қойылатынын атап өтті. Нақты тармақтар бойынша кешенді құрылып, жүйелі жасалған баяндама алдағы жылы мәдениет мен спорт саласы жұмыстарының жаңа бағытта жанданатындығынан хабар берді.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар