04 Қазан, 2013

Бокстан Қазақстанның биылғы чемпионаты Атырауда өтеді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

boxing-atyrau-2013-1

Бокстан Қазақстанның ересектер арасындағы биылғы чемпионаты 22-29 қараша аралығында Атырау қаласында өтеді. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Шешім 30 қыркүйек күні Алматыда өткен Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы комитеті отырысында қабылданды. Еліміз Бокс федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен өткен отырыстың күн тәртібінде бокстан Алматыда ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына дайындық және әлем біріншілігі алдындағы ұлттық құраманың жаттығу жиындарын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ал Қазақстан чемпионатын қабылдауға Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының федерацияларынан өтініш түскен екен. Дауысқа салу нәтижесінде басымдық бұлардың алдыңғысына берілді. Отырыста сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясының мүшелері, еліміздің жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов, Киевте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Абылайхан Жүсіпов пен Рахат Маржықпаев марапатқа ие болды. Руслан Игілік.