Спорт • 08 Маусым, 2020

Биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық биатлон федерациясының (IBU) атқарушы комитеті биатлонан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Халықаралық ұйым мұндай шешімді коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған.

Биатлоннан 2020 жылғы жазғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Шешім халықаралық биатлон федерациясы атқарушы комитетінің екікүндік видеоконференциясында талқыланып, қабылданды. Биатлоннан жазғы әлем чемпионаты 19-23 тамызда Германияның Рупольдинг қаласында жоспарланған болатын. Германия үкіметі бұқаралық іс-шара өткізуді 2020 жылдың 31 тамызына дейін тыйым салған. Соның салдарынан, Германия шаңғы спорты федерациясы мен Рупольдингтегі ұйымдастыру комитеті жарысты өткізуден бас тартып, IBU-ға жарысты өткізу құқығын қайтарып берді. IBU әлемде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап жарысты кейінге қалдыруды қалағанымен, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты дүниежүзілік біріншілікті өткізбеуді ең дұрыс шешім деп қабылдады.

Ал 10-13 қыркүйекке жоспарланған IBU конгресі 2020 жылдың 13-15 қарашасына қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03