–Жылыой ауданының 7 тұрғынынан қауіпті індет анықталды. Олардың екеуі ЖРВИ симптомдары байқалған соң өздігінен медициналық көмекке жүгінген. Ал, бесеуі бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. Сондай-ақ, Атырау қаласының 27 жасар тұрғыны бұған дейін індетке шалдыққандармен байланыста болып, өзіне жұқтырып алған. Құрманғазы ауданының 57 жастағы тұрғыны ЖРВИ симптомымен дәрігерлерге қаралған. Қазір науқастардың барлығы хаттамаға сәйкес, инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр, -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазір Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1213 адамға жетті. Оның ішінде 1019 жағдай Теңіз кен орнында жұмыс істеген жұмысшылардан анықталды. Ал, Атырау қаласында 110, Жылыой ауданында 50, Құрманғазыда –15, Мақатта –12, Исатайда –5, Махамбетте –1 және Индер ауданында 1 науқас тіркеліп отыр.
Науқастардың арасынан 773 пациент жазылып, отбасынан оралды. Өкінішке орай, 3 науқас қайтыс болды.