05 Қазан, 2013

Нала

535 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Бүгінде мына алмағайып әлемде діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Сондықтан бұл қатерге қарсы тұруға әлем ғана емес, біздің еліміз де ерекше назар аударуда. Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы», деген еді.

Иә, расында Елбасы айтқандай, Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін шайқағысы келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатқаны шындық. Ал біздің мақсат – адамдардың бейбіт өмірін, әлемнің бейбітшілігін көздеу.

Бүгінде мына алмағайып әлемде діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Сондықтан бұл қатерге қарсы тұруға әлем ғана емес, біздің еліміз де ерекше назар аударуда. Бұл орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы», деген еді.

Иә, расында Елбасы айтқандай, Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін шайқағысы келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатқаны шындық. Ал біздің мақсат – адамдардың бейбіт өмірін, әлемнің бейбітшілігін көздеу.Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің ұстанған сара бағыты, төрт құбыламыз сай болуы үшін – толеранттық, өзара ке­лісім, достық және бейбітшілік ұста­нымдары қашанда назарда тұ­руы қажет. Осы жолдан таймау барысында Қазақстанда адамдардың жайлы тұрмысы үшін барлық жақ­сы­лықтар жүзеге асуда. Мұны тек қа­зақстандықтар ғана емес, еліміз­ге­ алыс, жақын шетелдерден ке­ліп­ жатқандар да көзбен көріп, құ­лақ­­пен естіп растап, айтуда. Демек, халқымыздың тыныштығы, балала­ры­мыздың жарқын болашағы, елдің әлеуетті тұрмысы мен бейбіт те қауіп­сіз өмір сүруге бағытталған құқықтық жолымыздың дұрыстығына еш шүбә жоқ.

Алайда, осы жақсылықтарды көре алмайтын кертартпалар жат әлемнің теріс уағызына ілесіп, ада­суын қояр емес. Бұл жайында жеткілікті түрде жазылып та, айты­лып та жатыр. Бірақ теріс пиғыл­ды жандар өзгелерді арбап, алдап, ақырында тағдырдың тәлкегіне лақ­тырып кетуде. Олардың көпшілігі адасқандарын қылмыстық әрекеттері әшкере болғанда ғана біліп, қайтар жол жабылғанда имандылықтан аттап өтуге үндеген «ұстаздарына» лағынет айтады. Бұл орайда газет-журналдарда жазылып, радиодан берілген хабарларға қарағанда, теледидардан бір мәрте көрсетілген осындай тақырыптағы бейнесюжеттің әсер ету артықшылығы жер мен көктей екендігі ақиқат. Сондай бір көрсетілімді «Хабар» агенттігінің арнасынан берілетін «Арнайы хабар» бағдарламасынан көріп, оның бүгінгі жастарға берер пайдасы мен ой салар тәрбиелік мәні зор екеніне көз жеткіздік.

Бұл деректі лента «Әзәзілдің әрекеті» деп аталыпты. Онда исламды бұрмалап, жамағатты жаңылыстырып жүрген кімдер деген негізгі сауалға нақты жауап беріледі. Сектаның сойылын соғамын деп, қапасқа қамалған Хизб-уд Тахрирдің қатардағы «жауынгерлері» адасқандарын түсіне ала ма деген сұрақ қойылды алдыға.

Толқын Құрманқожина атты ананың туған ұлы Ілияс Ермекбаев әзәзілдердің әрекетіне еріп, адасып, ақыры сотталып түрмеге қама­лады. Қайран ана шырылдап сонау Талдықорғаннан Заречныйдағы ЛА-15514 түзеу мекемесінде отырған жалғыз ұлының артынан іздеп барады. Өмірдің тәттілігін ұмытпасын, жарық дүниенің дәмін сезінсін деп жылы-жұмсақ тамақтарын қоса алып келеді. Осылайша жылдар бойы екі арада талай қиындықтарды бастан өткеріп, тар қапаста отырған жалғыз ұлының аузына дәм тасып шапқылап жүрген ана жүрегі қарс айырылып, көзіне жас алады. Қайғылы жанардан үзілген тамшылар жанынан тас­тамайтын ұлының суретіне тамып, ана байғұс емірене егіледі. Бірақ қайғыдан қан жұтқан қайран шешенің көз жасы қылмыс жасаған ұлының қателігін кетіре алмайтыны түсінікті.

Заңның аты – заң. Жазадан ешкім жалтара алмайды. 1990 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген Ілияс Ермекбаев тыйым салынған ұйымның қызметін насихаттағаны үшін қылмыскер атанды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу материалдары бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-математика факультетінің ІІІ курс студенті Ілиясты осыдан біраз бұрын тұтқындаған екен. Содан ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде «Хизб-ут Тахрир» экстремистік партиясының идеологиясын насихаттағаны үшін бес жылға сотталады. Анасы сол кезде баласының от басқанын түсінеді. Және өзі секілді сорлап қалған аналар көп екенін білгенде ұлын арбаған «Хизб-ут Тахрир» ұйымына қарғыс жаудырады.

Ал Ілияс болса қатерлі сектаның шырмауына қалай түсіп қалғанын өзі де білмейді. Фильмде ол өзінің өкінетінін жасырмай айтады, адал азамат болып қалыптасуы үшін қолында тұрған бағынан өзі айырылып қалғанына налиды. Ол демалыс күндері алып шаhардың базарларының бірінде жүк тасып, нәпақа тапқан екен. Ондағысы анасына кішкене көмек болса екен деп ойлайды. Қасындағы арбакештермен түскі астарын бірге ішетін болған. Сондай бір басқосуда Абдулла есімді азаматпен кезігіп, ол бұларды түрлі әңгімеге тартқан. Уақыт өте мұндай кездесулер жұмыстан тыс та ұйымдастырыла бастаған. Әлгі жасырын жиынға әйелдер қатыстырылмайды екен. Хизб-уттықтар халифат құру, оған жету жолдарын талқылаған. Міне, бұлардың арбауына түсіп, тура жолдан тайған Ілияс оларға қызмет еткен. Нақты басшысының да кім екенін білмейді, көрмеген. Демек, соқыр сенім құрбанына айналған. Осы ұйымның пайдаланатын кітаптарынан басқа кітапты қолға алуға болмайды екен. Ол кітаптар арасында «Халифат», «Ислам мемлекеті», «Хизб-ут Тахрирдің саяси түсініктері», «Тұжырымдама», т.б. экстремистік бағыттағы әдебиеттер молынан шығарылыпты. Бұлардың мазмұны әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру болып табылады, дейді Ілиястың ісін қараған Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотының судьясы Қ.Бұқпанова. Оның айтуы бойынша, Ілияс жоғарыдағыдай кітаптарды жинап, өзгелерге таратқан. Олардың басшысына бес жыл бұрын Хизб-ут Тахрир экстремистік ұйымына ел аумағында тыйым салынғаны туралы ескерту де жасалған. Бірақ оны Хизб-ут Тахрирдің Алматы облысы бойынша әмірі қаперіне алмаған. Теріс ісін, яғни өзгелерді адастыруды жалғастыра берген. Ақыры сотталып тынады.

Фильмде І.Ермекбаев, Қ.Кеукеров, Н. Әсемов, М.Дүңгіршеков секілді көптеген сотталғандар соқыр сенімге алданғандарын кеш ұғынып, егер «Хизб-ут Тахрир» экстремистік ұйымына ел аумағында тыйым салынғанын бұрын білгенде ол іске араласпас па едік деп сан соғады. Өздері өкініш білдіреді. Кейінгі жастарға өздерінің қателіктерін қайталамауды, сақ болуды айтады. Ұйымның іс-әрекеті қолданыстағы заңға қарама-қайшы дейді. Енді олар «Хизб-ут Тахрирдің» болашағы жоқ екеніне кәміл сенеді. Деректі сараптамалық фильмде осының бәрі жан-жақты ашып көрсетілген. Қаржы министрлігінің биыл экстремистік ағымдарды қаржыландырудың 360 дерегін анықтағаны, соған байланысты 68 қылмыстық іс қозғалып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 38 қазақстандыққа іздеу жариялағаны, сөйтіп соңғы бес жылда Хизб-ут Тахрирдің 60 мүшесі жауапқа тартылғандығы дәлелденеді.

Мұндай секталардың алдамшы екендігі де айтылады. Онда ұйымның жарғысы бойынша әр мүшесі тапқан табысының 10 пайызын көсемдеріне беріп отырады екен. Осылайша жиналған қомақты қаржы әмірге табысталады. Сөйтіп, ұйымның әмірлері өздерінің жеке бизнесін өркендетіп, шалқып, тасып өмір сүреді екен. Ал мүшелері болса қайыр-садақа сұраудың алдында көрінеді. Міне, қарама-қайшылық деген қайда, көзді ашып қойып алдау деген осы емес пе? Осылайша жиналған қаржы түбі жоқ құдыққа құйылғандай жоғалып жатқанда кім ұтып, кім ұтылғанын көрерменге саралап, таразылау үшін ой салады.

«Хизб-ут Тахрир», яғни азат ету партиясы 1953 жылы Иерусалим қаласында құрылған. Бұлар да салафиттік ағымдар секілді өзінің төзімсіздігімен көзге түседі. Жалпы, бұл ілімнің соңына ергендер фанатизммен, драматизммен ерекшеленеді де, Ислам дінінің ізгілігін бойына сіңіре алмайды. Сөйтіп, өзге діндерге, билікке қарсылықтарын білдіреді, дейді фильм сарапшылары.

Фильмде эксклюзивті кадр­лар да көрсетіледі. Онда жиынға жиналғандар өзара сөз жарыстырады, билікті жамандайды. Түсірілімдегі бейнекөріністер мен баяндаулар арқылы дінге әлдеқайда жақын Араб елдерінің өзінде біртұтас мемлекетке бірігу деген мүлде жоқтығы, сондықтан бір үлкен халифат мемлекетін құрып, Қазақстанды соның ішіне күшпен кіргізу деген утопия екендігі, Хизб-ут Тахрир ел ішінде бүлік салатын ұйым, Ислам қағидаларын бұрмалап, мәсҺабтарды мойындамайтыны, жаназа шығарған үйлерден тамақ жегенді харам санайтындары, есесіне эротиканы қолдайтыны белгілі болғанда, жаныңыз түңіледі.

Ал хизбудтықтардың штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан. Мұндағы саяси партияның басшысы да, жарғысы да бар. Өздеріне тиесілі «Ал-ваъй» газеті мен «Өркениет» журналдарынан қаржыны аямайды екен. ТМД елдерінде жасырын ұялары жұмыс істейді. Олардың қатарына қосылатындар жұмыссыздар, сауатсыздар, өмірден орнын таппағандар. Фильм соңында қандай теріс ағымдағы ұйым болмасын ел тұтастығына қауіп төндіретіндерді бұғаулайтын күш те, құдірет те, құзырлы тетік те бар екені жеткізіледі. Хизб-ут Тахрир алаяқтар, адасқандар, бұзықтар, бүлікшілдер тобыры, қоғамдағы арамшөп тәрізді екендігі айтылып, оны дер кезінде тамырымен қоса жұлып тастау қажеттігі санаға сіңіріледі. Сөйтіп, «Әзәзілдің әрекеті» атты бұл бейнетүсірілім «Раббым – Алла, Пайғамбарым – Мұхаммед, дінім – Ислам, кітабым – Құран, мәсҺабім – Әбу Ханифат деген әр қазақ ұлттық иммунитетке берік болған жағдайда ғана жат ағымға төтеп бере аламыз. Іргесі берік, шаңырағы биік мемлекетіміздің көп дінді, көп ұлттымыз деген ұстанымына сызат түсірмеу әрқайсымыздың парызымыз» деген сөздермен аяқталады.

Осылайша бұл фильмді көрген әр адам терең ойға қалатыны сөзсіз. Қазақстандықтардың, әсіресе жастардың теріс жолға түсіп, адаспауы үшін алаңдаушылық білдіресіз. Өйткені, олар біздің болашағымыз ғой. Сондықтан да Елбасымыздың: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз», деген сөзін исі қазақ жадында ұстағаны жөн-ау.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар