Mizuno корпорациясы күн ыстықта киюге ыңғайлы жұмсақ, созылмалы матадан тігілген маскаларды сатылымға шығара бастады. Мұндай мата әдетте жеңіл атлетика және шомылу киімдерін тігуге қолданылады. Басылымның хабарлауынша, маскалардың бағасы 935 иенді (8,5 доллар) құрайды. Онлайн сатылымның бірінші күнінде 20 мың маска сатылған.
Сондай-ақ бадминтон, теннис және басқа да спорт түрлерінің киімін шығаратын Yonex Co. компаниясы шілде айының басынан бастап құрамында ксилиті бар Very Cool материалдарынан жасалған маскаларды сатылымға шығарады. Мәселен Жапонияның бадминтон құрамасы мен кәсіби теннисшілердің киімі жылуды жақсы сіңіретін, құрамында ксилиті бар матадан тігіледі.
"Қазір адамдар коронавирустан сақтану үшін көп уақыт маскамен жүреді. Біздің маскалар ыстық күнде кішкене де болса, салқындатып тұрады", - деді Yonex Co. компаниясының өкілі.
Сонымен қатар осы жазда Fast Retailing Co. компаниясы мен Uniqlo желісінің операторы AIRism танымал іш киімдер желісі қолданатын тез кебетін әрі тері жақсы дем алатын материалды пайдалана отырып, маскалар тігуді жоспарлап отыр.