Спорт • 08 Маусым, 2020

Әлемдегі ең қымбат футболшы - Месси емес

1815 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

CIES Football Observatory ұйымы әлемнің ең қымбат футболшыларының рейтингін жариялады, - деп хабарлады Sports.ru.

Әлемдегі ең қымбат футболшы - Месси емес

Тізімге Еуропаның топ-5 лигасындағы ойыншылар кірді. Трансферлік құн CIES әдісі бойынша бағаланды.

"ПСЖ" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. CIES Football Observatory оның трансферлік құнын 259,2 миллион еуроға бағалап отыр.

Ал қақпашылар арасында ең жоғары баға – "Манчестер Сити" қақпашысы Эдерсонде. Оның трансферлік құны 86,8 миллион еуроға бағаланған. Қорғаушылар арасында ең қымбат ойыншы "Ливерпуль" командасындағы Трент Александр-Арнолдт деп танылды. Оның трансферлік құны - 171,1 млн еуро. Жартылай қорғаушылар арасында ең қымбат ойыншы "Манчестер Ситидегі"  Рахим Стерлинг. Оның трансферлік құны - 194,7 млн еуро.

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси аталған рейтингте 21-орыннан көрінді. Оның трансферлік құны 100,1 млн еуроға бағаланған. Ал «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду – 70-орында.  CIES Football Observatory оның трансферлік құнын 62,8 миллион еуроға бағалады.

Әлемдегі ең қымбат 10 футболшының рейтингі мынадай:

  1. Килиан Мбаппе, "ПСЖ" – 259,2 млн еуро
  2. Рахим Стерлинг, "Манчестер Сити" – 194,7 млн еуро
  3. Джейдон Санчо, "Боруссия" Дортмунд – 179,1 млн еуро
  4. Трент Александер-Арнолд, "Ливерпуль" – 171,1 млн еуро
  5. Маркус Рэшфорд, "Манчестер Юнайтед" – 152,3 млн еуро
  6. Мохамед Салах, "Ливерпуль" – 144,9 млн еуро
  7. Садьо Мане, "Ливерпуль" – 139,2 млн еуро
  8. Антуан Гризманн, "Барселона" – 136,4 млн еуро
  9. Альфонсо Дэвис, "Бавария" – 133,5 млн еуро
  10. Харри Кейн, "Тоттенхэм" – 118,7 млн еуро