"Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі тыйым салынған акваторияларда, құтқару бекеттерінен едәуір шалғай жатқан ауылдардың маңындағы өзен-көлдерде суға түсушілер арасында жиі орын алып отыр. Әуесқой балықшылар мен жазғы демалыс уақытында суға түсушілер арасында алкогольді ішімдік ішетіндер аз емес. Мұның арты немен аяқталатынын өткен аптадағы статистика көрсетіп отыр" - деді А. Орымбаев.
Мәселен, 7 маусым күні 00.10-да Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1972 жылы туған әйел адамның мәйітін судан алып шыққан. Көл жағасына демалуға келген Урожайный елді мекенінің тұрғыны танысымен бірге ішімдік ішкен. Жағалаудағы тыйым салатын белгіге қарамастан, көлге шомылған масаң әйел судан қайтып шықпаған.
Қазір төтенше жағдай қызметкерлері су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау керектігін ескерту шараларын өткізуде. Мұндай іс-шаралар суға шомылу маусымы аяқталғанша жалғасады.
Қостанай облысы