05 Қазан, 2013

Жазадан қашамын деп...жазым бола жаздады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара алғаны туралы күдікті болған Алматы мем­лекеттік сервис және технология колледжінің директоры Маран Тақабаев қылмыс үстінде қолға түсер сәтінде өзі отырған кабинеттің тере­зесінен сыртқа секіріп кетіп, жазым бола жаздады. Абырой болғанда, кабинет ғимараттың екінші қабатында орналасқан екен, одан жерге секіріп түскен азамат аман қалды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, аталмыш оқу орнының басшысын ұстау операциясын қаржы полициясы жедел іздестіру шарасы аясында жүргізіпті. Құқық қор­ғау органы қызметкерлері оның пара алып жатқан же­рінде келіп қалған екен. Сосын директор бұдан құтылудың жалғыз жолы терезеден секіріп кету деп есептесе керек.

Дереккөз анықтағандай, колледж директоры 2007 жылдан бері асхана бөлмесін жалдап отырған кәсіп­­­кер­ден ай сайын 200 мың теңге ақша алып келген. Қа­зір парақор басшы ауруханада жатқан көрінеді. «Ол Қал­қаманда емделіп жатыр. Алып бара жатқан жара­қаты жоқ. Бірақ миы шайқалған», делінген хабарламада.

58 жастағы Тақабаев аталмыш колледжді 2005 жыл­дан бе­рі басқарып келеді. Ол сон­­дай-ақ, Қазақстан Пар­­л­а­менті Се­натының депу­тат­ты­ғына үміт­кер көрінеді.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.