Технология • 09 Маусым, 2020

Көлік құралдарын онлайн режімде тіркей аласыз

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Электронды үкімет» порталында Рес­пуб­­лика­­ның аумағындағы ресми дилерлерден сатып алын­ған көлік құралдарын бастапқы тіркеу бойынша қызмет моди­фикацияланған. Енді оны үйден шық­пай-ақ заңды тұлғаларға пайдалануға болады.

Көлік құралдарын онлайн режімде тіркей аласыз

«Бұрын көрсетілетін ­қыз­­­­метті тек жеке тұлға­лар ға­­на пайдалана алатын болса, қазір ол заңды тұл­ға­­лар үшін де қолжетімді. Бұл ­­оны алу процесін жеңілдетеді. Пор­­талды пайдалана отырып, аза­мат­тар мекемеге бармай-ақ, рәсім­деу арқылы көп уақытын үнем­­­­­дейді», дейді «Ұлт­тық ақ­­­­­па­­раттық технология­лар» АҚ басқарма төр­ағасы Әсет Тұрысов.

Сатып алуға мәміле жа­­­са­ғаннан кейін автоса­лон өкілі автокөлік құ­­ра­лын eGov.kz порталын­да тір­­кеуге өтінімді ресім­­деуі тиіс. Өті­нім бе­ру про­­­це­сінде автосалон өкі­лі авто­мобильдің техникалық та­­лап­­тарын енгізеді, құ­жат­­­­тар қо­са тір­келеді, БСН көрсетіледі. Бұ­дан әрі өті­німге ЭЦҚ қол қойы­ла­­ды және сатып алушының же­ке ка­бинетіне жіберіледі. Са­тып алу­шы осы өтініммен Жеке каби­нетте танысып, өз ав­томобилі үшін мемле­кет­тік нөмірлік белгіні таң­дау, мем­лекеттік баж салығын жә­­не тіркеу алымын төлеуі, машинаны иелену құқығын растайтын құжатты, өкілдің өкілеттігін растайтын се­­нім­­хатты тіркеуі, өтінімді элек­тронды цифрлы қол­таң­бамен қол қойып растауы қа­жет.

Қызмет көрсету нә­ти­­же­сі көр­сетілетін қыз­мет­ті алушының «же­­ке каби­не­тіне» жіберілген өті­німді орын­дау туралы хабарла­ма немесе дәлелді бас тарту бол­­­мақ. Қазақстанда өн­­ді­ріл­ген және кедендік та­за­лаудан өт­­пе­ген кө­лік құ­рал­дары, Іш­кі іс­­тер ми­нис­трлігінің көр­се­тілетін қызмет иесінің та­лап­тарына сәйкес, осы көр­сеті­летін қызметтің тіз­бе­сіне кір­мейтінін атап өте­­міз.

Айта кеткен ләзім, «Ұлт­­­тық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электронды үкі­­меттің» ақ­парат­тық-ком­­му­никациялық инфра­құ­ры­­лымының және мем­ле­кеттік ор­­гандардың бір­ың­ғай көлік орта­сының опе­­раторы, сондай-ақ ор­та­­лық пен өңірлік мемле­кет­тік ор­­гандардың ақпа­раттық жүйе­леріне жүйелі-тех­ни­калық қызмет көрсе­туді жү­зеге асы­­рады.