Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері лайықты бос жұмыс орнын іздеуді жүзеге асыратын болады. Егер жұмыс табылмаса, өтініш берушіге қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Егер бұл ретте жұмыссыз азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, ол жұмыстан айырылғаны бойынша төлемге үміткер бола алады, бұл SMS арқылы проактивті түрде тағайындалады.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу қызметін» халықты жұмыспен қамту орталықтарында да алуға болады. Алайда коронавирус пандемиясы көптеген қызметті үйден шықпай-ақ, онлайн алуға болатынын дәлелдеді. Мысалы, eGov.kz немесе SMS арқылы. Бұл өте ыңғайлы, өйткені бір жерге барудың, құжаттарды жинаудың, оған уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Цифрлы технологиялар көптеген процесті онлайн өзара іс-қимылға ауыстырады, осылайша адам факторының әсерін төмендетіп, жемқорлық тәуекелдерін азайтады», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыспен қамтуды цифрландыру аясында онлайн түрде жұмыс табуға мүмкіндік беретін «Электронды еңбек биржасы» және барлық мәліметтер жүйеде сақталатындықтан, азаматтардың жұмысқа орналасуына жұмсайтын уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобалары жүзеге асырылуда.