Жұмысқа орналасу туралы өтініштер көптеп түсуде. Қазірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн режимде оқуға да болады. Мәселен, 1 маусымнан бастап кондитер, газэлектродәнекерлеуші, шаштараз, аспазшы, автоэлектрик сияқты мамандықтар бойынша қашықтан оқу басталды. Жыл басынан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген 785 адамның 733-і жұмысқа орналасқан.
– "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Щучинск қаласындағы №5,6 мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар "Бурабай-Қатаркөл" тас жолын күрделі жөндеуден өткізуге 600 миллион теңге бөлінді. Жоба бойынша жұмыстар қазірде қызу жүруде, – дейді Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев.
Жалпы Бурабай ауданында биыл инфрақұрылымдық 48 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 1927 жаңа жұмыс орны ашылып, 865 адам орталық арқылы жұмысқа орналастырылады.
Ақмола облысы