Әлем • 09 Маусым, 2020

Қазақстаннан Түркияға рейс қашан ашылады?

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстаннан Түркияға рейс қашан ашылады?

"Қазіргі таңда 44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалуда. 188 мың әуе билеті сатылды. Сонымен қатар, халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру жоспарланып отыр. Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейсті қайта ашу көзделген. Эпидемиологиялық жағдай әрі қарай жақсарып жатса, басқа елдермен әуе қатынасын жандандыру жоспарда бар", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Биылғы 1 маусымнан елімізде 54 жолаушылар пойызы қайта жүре бастады.

"Осыған орай 15 мамырдан билеттер сатуға шығарылды. 8 маусымға дейін пойыздарға 645 мың билет сатылған. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр", - деді министр.