
Канаданың Ванкувер қаласының ғалымдары жақында «Титаниктің» апатқа ұшырауының жаңа себебін жұртшылыққа ұсынды. Олар мұны Sky and Telescope журналында жариялады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Зерттеушілер жұмыс шеңберінде 1912 жылы 1400 жылда бір рет қайталанатын аспан денелерінің зеңгір жүзінде сирек корфигурациясының түзілгенін анықтады. Осылайша 1912 жылғы 3 қаңтарда Жер Күнге барынша жақын тұратын перигелияға келіп тоқтады да, келесі күні Ай оның гравитациялық ықпалы Күнмен күшейе түсетін позицияға орналасты.
Осының салдарынан Айдың Жерге ықпалы жоғарылығы жағынан рекордтық мөлшерге жетті. Өз кезегінде бұл Гренландиядағы мұздықтардан орасан зор мөлшерде айсбергтердің сындырылып шығуына жол салып берді. Міне, осы алып ңөңдердің бірі аты аңызға айналған лайнермен соқтығысып қалды. Қараңғыда зор мұз көшкініне соққан кеме қатты зақымға ұшырап, ақыр соңында біртіндеп суға батып кетті.

Еске сала кетейік, айтулы апат 1912 жылғы 14 сәуірде Атлант мұхитында орын алған еді. Пароходтың бортында сол сәтте 2200 адам болыпты. Әртүрлі деректер бойынша, бұлардан 1400-ден 1517 адамға дейін қаза тапқан.
Мұрат Айтқожа.
