Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Қостанай саябақтарына тегін Wi-Fi қойылады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда цифрландыру бағдарламасы шеңберінде "Ақылды" жарықтандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қала көшелерін  жарықтандыруды жаңа технология арқылы басқаруға көшіруге  бюджеттен 513 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай саябақтарына тегін Wi-Fi қойылады

Аталған жүйе электр қуатының қосылуы мен сөну уақытын автоматты режімде реттеуге, қашықтан электр есептегіш көрсеткіштерін алуға, санкцияланбаған қосу жағдайларын бақылауға және желіде ақау пайда болғанда жедел әрекет етуге  мүмкіндік береді.

Тағы бір жағымды жаңалық – Қостанайдағы демалыс саябақтарында тегін Wi-Fi пайда болады. Атап айтқанда таяу күндері қала тұрғындары Орталық саябақта, Жастар бульварында, Гашек көшесі бойындағы Тобыл жағалауында, сондай-ақ Жеңіс саябағында ақысыз интернетке кіру мүмкіндігіне ие болады. Аймақ басшысы  бұл тізімге жаңа салынып жатқан  триатлон саябағын да қосуды тапсырды.

Сонымен қатар  Гашек көшесіндегі Тобыл жағалауы мен Жеңіс саябағына бейнебақылау құрылғылары орнатылады. Бұған 100 млн теңге қарастырылып отыр.



Қостанай облысы