Парламент • 09 Маусым, 2020

"Автомобиль көлігі туралы" заңға түзетулер қаралды

1790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызмет.

"Автомобиль көлігі туралы" заңға түзетулер қаралды

Заң жобасының мақсаты – навигациялық пломбалар мен оның инфрақұрылымын пайдалана отырып, транзиттік тасымалдарды қадағалап отыру жүйесін құру, осындай жүйенің ұлттық операторын және оның өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау болып табылады.

Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін айқындауға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автомобиль тасымалдары кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі заңнама нормаларын бекітуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау, пломбаларды жалға алу, жауаптылық мәселелерін реттеуге бағытталған.

Жоба қабылданғанда навигациялық пломбаларды пайдалану негізінде қадағалап отыру жүйесін құру бақылауды қашықтықтан жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлар бар көлік құралының Қазақстан Республикасының және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өту маршрутын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.