Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Түркістанда бес айда 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде 5 айда 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда бес айда 372 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделді

Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жоспарлаған мемлекеттік сатып алуда негізсіз бағаны өсіру фактілері көрініс тапқан.  

Қабылданған ұсыныстардың қорытындысымен мониторинг нәтижесінде бюджеттің 371 839 952 теңгесі үнемделіп, бірқатар мекемелерге жоспарланған соманы медиандық бағаға келтіріп, қайта енгізу тапсырылды.  Ал, Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен «Жасыл Кентау» ЖШС-ы арасында саябақтарды, тәлімбақты және жасыл аймақты күтіп ұстау үшін  32 366 600,40 теңгеге 9 сәуірде  келісімшарт түзілген. Алайда, аталған мекемелер арасында 3 күннен соң жалпы сомасы 135 953 727,68 теңге болатын қосымша келісім шарт жасалған. Дәл осы қосымша келісімшарттың негізділігі бойынша Департаментпен тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде бюджет қаражатының 103 587 127 теңгесі үнемделді.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы тауарлар мен қызметтердің орташа бағасын өзге лоттың жарияланған бағасымен немесе нарықтық бағамен салыстыруға мүмкіндік алып отыр. Бұл порталдың тапсырыс берушілер мен бюджет әкімшілерінің негізсіз бағаны төмендету немесе көтеріп қою, жеткізу мерзімін қысқарту, белгілі бір өнім берушіге қолдау білдіру тәрізді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көріністерін анықтау қабілеті автоматтандырылған.

 

Түркістан облысы