Экономика • 09 Маусым, 2020

Fitch мұнай бағасындағы өзгерістерге баға берді

712 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі мұнай бағасы бір баррель үшін 30 доллардан төмен түсуі екіталай деп санайды", - деп хабарлайды Egemen.kz.

Fitch мұнай бағасындағы өзгерістерге баға берді

Сарапшылар мұнай бағасы барреліне 40 доллар деңгейінде болуы АҚШ компаниялары өндірісінің ұлғаюына әкелуі мүмкін, бұл нарықтағы бағаның қалпына келуін шектейтінін айтып жатыр. Қазіргі жағдайда мұнай нарығы 30 доллар тұратын бағамен өндірушілер өндірісті тұрақтандыра алады.

Сарапшылар осыған дейін мұнай өндірудің рекордтық төмендеуін тағы бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімі нарықтағы тепе-теңдікті қалпына келтіруді жеделдетуі керек, екенін айтып келген болатын. Ал   Fitch   бүгінгі күні мұнай бағасының қалпына келуі тұрақты ма, жоқ па,  әлі белгісіз екенін айтады. ОПЕК+-тен тыс елдерде, әсіресе АҚШ-та шикізат өндіру сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне айтарлықтай әсер етеді. Бірінші жартыжылдықта жинақталған мұнай қорларын қалыпқа келтіру бірнеше айға созылады.

"Біз барреліне 30 доллардан төмен түсетін стресстік сценарий қазір мүмкін емес деп санаймыз. Сұраныстың біртіндеп жақсаруына және ұсыныстың қысқаруына байланысты нарық 2020 жылдың екінші жартысында өндіріс тапшылығына тап болуы мүмкін. Мұнай өндірісінің рекордтық төмендеуін тағы бір айға ұзарту туралы ОПЕК + келісімі нарықтағы тепе-теңдікті қалпына келтіруді жеделдетуі керек", - деп хабарлайды  Fitch.

Fitch агенттігі ОПЕК+ елдері мамыр айында наурыз айымен салыстырғанда мамырда өндірісті тәулігіне 7,5 млн баррельге қысқарта дегенді сенімді айтып отыр.

Олардың болжамы бойынша маусымда транзакцияға қатысушы елдердің жинақталған төмендеуі тәулігіне 9 миллион баррельден асуы керек.

Сәуір айында Fitch Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасының барреліне 35 доллар деңгейінде болатынын болжам жасаған болатын. Сонымен бірге, 2020 жылдың соңында барреліне 45 долларға дейін, 2021 жылға қарай  барреліне 53 долларға дейін көтеріледі деп үміттеніп отыр.