Үкімет • 10 Маусым, 2020

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, - Egemen.kz хабарлайды.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты "ҚазМұнайГаз", "Air Astana", "Тау-Кен Самұрық", "Qazaq Air", "Самұрық-Энерго", "Қазақстан темір жолы" және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.