Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Атырауда Ақкөл ауылына кіріп-шығу шектелді

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылдық округі 18 маусым күнгі таңғы сағат 07:00-ге дейін карантинге жабылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Ақкөл ауылына кіріп-шығу шектелді

Аталған окургте карантин енгізу туралы аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Карл Утаров арнайы қаулыға қол қойды. Бұған Ақкөл ауылдық округінде 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 1 адамның көз жұмғаны себеп болып отыр.

"Ақкөл ауылдық округі аумағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады, тұрғылықты жерінде сағат 06.00-22.00-ге дейін жүруіне рұқсат етілсін. Басқа елді мекендердің тұрғындарына Ақкөл ауылдық округі аумағына кіруге қатаң тыйым салынсын. Темір жол станциясына келіп тоқтаған поезд вагондарының есіктері ашылмасын, адамдарға түсуге мінуге қатаң тыйым салынсын. Ресей Федерациясы аумағында жұмыс жасайтын қызметкерлерге мекеме басшылары 15 күнге вахталық әдіспен жұмыс жасауды ұйымдастырсын. 15 күндік жұмыстан келген қызметкерлер 14 күнге үй карантиніне алынсын", - делінген қаулыда.