Әлем • 10 Маусым, 2020

АҚШ-тың Калифорния штатында тағы да өрт шықты

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың Калифорния штатында тағы да өрт шықты

Мамандардың айтуынша, бұған себеп - күннің қатты ыстық болуы.

Өрт Сан-Франциско шығанағына жақын жерде орналасқан Суисан қаласының ауданында басталып, 7 үйді қамтыған. Сондай-ақ, Уинтерс округі Солано ауданында да өрт жағдайы тіркелді.

Билік "қызыл" қауіптілік деңгейін жариялады. Өрт сөндіруге арнайы техника мен тікұшақтар жұмылдырылуда.

Айта кетейік, өткен жылы Калифорнияда 7 мыңға жуық өрт тіркелген.