Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Ақмолалық құтқарушылар 36 жастағы азаматшаны өлімнен арашалап қалды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өмірге өкпелеген азаматша жарық дүниеден баз кешіп, өз-өзіне қол жұмсауға бекінген. Куәгерлердің айтуынша, қолында екі жастағы баласы болған. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жетіп, ана мен баланы құтқарып үлгерген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмолалық құтқарушылар  36 жастағы  азаматшаны  өлімнен арашалап қалды

Құтқарушылар альпинистік жабдықтардың көмегімен ғимараттың шатырына көтеріліп, арашалап қалды.

–Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бірден аумақты қоршауға алған. Азаматша жанына ешкімді жақындатпай, өзім секіріп,  баламды лақтырып жіберемін деп айбат шекті. Әйтеуір, көрер жарығы бар екен, құтқарып қалдық,–дейді Көкшетау қалалық құтқару бөлімінің бастығы Роман Шевченко.   

Қазір оқиғаның себептері жан-жақты тексеріліп жатыр.