Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Полиция заңсыз балық аулайтындарға тұсау салмақ

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз балық аулаушыларға қарсы рейд шарасын табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған жұмыс топтары балық уылдырық шашатын жерлер мен ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарды аралап, су қоймалары маңындағы жолдарға шолу қойған, - деп жазады Egemen.kz

Полиция заңсыз балық аулайтындарға тұсау салмақ

"Бүгінгі таңда заңсыз балық аулаудың 12 фактісі анықталып отыр. Оның 4-еуі Б. Майлин ауданында. Бұл аудандағы Әйет өзені мен Октябрь ауылы маңындағы көлден заңсыз құрыған ау табылды. Иелерін анықтадық. Олар  Рудный қаласы мен Б. Майлин ауданының тұрғындары болып шықты. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді облыстық ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметов.    

Полицияның баспасөз қызметі рейд іс-шараларының облыстың барлық аудандарында жалғасатынын айтады.

 

Қостанай облысы