Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлады Egemen.kz

Онда жолаушылар вагондарын шығару, темір жол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы қазақстандық темір жол транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.
"Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет", - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, ЕАЭО-да көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және т. б. бойынша шаралар кешенін қарастырды.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар