Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Елордада ҰБТ кезінде оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тестілеу кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Түлектердің ата-аналары үйде қалуы тиіс. Олар үшін аудиториялардан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада ҰБТ кезінде оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Білім басқармасында ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.

"Оқытушылар мен түлектер арасында COVID-19 таралуын болдырмау және алдын-алу бойынша түсіндіру жүргізілуде. Сыныптарда үстелдер арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Нұсқаулықта жазылғандай дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету (респираторлы маскалар, қолғаптар, санитайзерлер); термометрияның сақталуы, тексерілетін адам мен қызметкер арасындағы қашықтық кемінде бір метр; университеттердің аудиторияларында санитарлық-дезинфекция режимін сақтау; желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету", – деп түсіндірді басқармада.

ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті 100 полиция қызметкері мен 10 арнайы көлік қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 9 медицина қызметкері және үш жедел жәрдем жұмылдырылады. 24 қызметкер өрт қауіпсіздігін қадағалайды, 46 автобус қала шетінде тұратын 540 түлекті тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Білім басқармасы түлектердің ата-аналары балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін топтанып жиналмай, үйде отыруы керек екенін тағы бір атап өтті. Олар үшін аудиториядан онлайн трансляция ұйымдастырылады.

Хабарланғандай, биыл мектепті 6515 оқушы бітірді. ҰБТ-ға қатысуға 95% немесе 6255 адам өтініш берді, оның ішінде 3661-і қазақ, 2554-і орыс, 40-ы ағылшын тілінде.