Қазақстан • 11 Маусым, 2020

Журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқыланды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің бейбіт жиналыста қызмет ету қағидаларын жауапты меморгандарға түсіндіру үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook парақшасында журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқыланды. Онлайн-кездесу барысында БАҚ басшылары бейбіт жиынға қатысатын журналистердің құқығын қорғап, жұмысын жүргізуге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды.

«Бүгін шынымен де ашық әңгіме болған сияқты. Бұл - талқылаудың басы ғана. Себебі қағидалар әлі бекітілген жоқ. Ең бастысы – сіздердің талқылаудан кейін ұсыныстарыңызды ескере отырып, жобаны тағы да бір қараймыз. Содан кейін нормативті-құқықтық актілердің ашық порталына ресми түрде орналастырамыз. Өз ұсыныстарыңызды енгізуге болады», - деді Аида Балаева БАҚ басшыларымен онлайн-кездесу барысында.

Министрдің айтуынша, журналистерге арналған қағидаларды жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарына түсіндіру жұмыстары мен арнайы семинарлар жүргізіледі.

«Егер бір тараптан түсініспеушілік болған жағдайда біз айтып отырған қағидаттардың бәрі де жүзеге асырылмай қалады-ау деген қауіп бар. Біз өте жақсы ережелерді жасағанымызбен ол сапалы түрде іске асып жатпаса, әлбетте, бұл қағидаттардың бәрі де қағаз жүзінде ғана қалады», - деді ол.