Әлем • 11 Маусым, 2020

АҚШ-та Христофор Колумбтың ескерткіші құлатылды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та орын алған афроамерикандық Джордж Флойдтың қазасынан кейін бас көтерген шерушілер екі күн бұрын Америка құрлығын алғаш ашқан Христофор Колумбтың Бостан қаласындағы ескерткішінің басын жұлып тастаса, кеше тағы бір наразы топ Виржиниа штаты Ричмонд қаласы Уильям Бирд атындағы саябақта орналасқан Колумбтың екінші ескерткішін құлатып, оны қасында тұрған көлге батырып жіберді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та Христофор Колумбтың ескерткіші құлатылды

Әлем тарихы бұл адамды 1492 жылы Америка құрлығын ашқаны үшін құрметтесе, қазіргі көзқарас бойынша жаңа жердің ежелгі тұрғындары жет бетінен жойылып кетуіне себеп болған жауыз деп қарауда. Яғни, жаңа құрлықтың ашылуы африкалықтардың құлдыққа сатылуына негіз болған келеңсіз құбылыс деп пайымдауда.

Христофор Колумб америкалықтар үшін тарих бастауына тұрған тұлға. Өйткені, елдегі бастауыш мектеп тарихы осы адамның өмір-тарихымен сабақтастырылған.

Бірақ, тарих таразысы уақыт өткен сайын атақты тұлғалардың іс-әрекетіндегі ақ пен қараны айырып жатқан сияқты.