Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Атырауда құрылыс сапасын бақыламаған шенділер жазаланды

989 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индер ауданында тұрғын үй құрылысының сапасына жеткілікті бақылау жасамаған шенділер жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.  

Атырауда құрылыс сапасын бақыламаған шенділер жазаланды

“Нұрлы жер” бағдарламасымен Индер ауданындағы 23 пәтерлік тұрғын үй құрылысын “Саламат Әбілхайыров” жеке кәсіпкерлігі жүргізген екен. Кейіннен аудандық әкімдік ондағы әр пәтерді  28 млн теңгеден сатып алыпты. Оған жалпы сомасы 630 млн теңге жұмсалғаны белгілі болып отыр.

“Бұл тұрғын үйге әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы 45 отбасы қоныстанғанды. Алайда, тұрғындар  қыста және жаңбыр жауған кезде қиындыққа ұшырап келеді. Тұрғын үйде төбеден су тамшылап, көгеру, сыз пайда болған. Осыған орай мобильді мониторинг тобының жетекшісі Амангелді Абдоловтың жедел әрекетінен кейін құрылыс мәселеріне жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары А.Мұсағалиев пен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Б.Иманғазиева жауапкершілікке тартылды”, -деп хабарлады облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.