Президент • 01 Желтоқсан, 2016

Елордада Елбасының қатысуымен Жастар форумы басталды

7000 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған Республикалық жастар форумы аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел жастарымен кездесуде.

Елордада Елбасының қатысуымен Жастар форумы басталды

Форумға қатысуға 1000-ға тарта жас келді. Олар — Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтық қоғам институттарының, республакалық жастар ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, жұмысшылар, ғалымдар, шығармашыл жастар және «Болашақ» бағдарламасымен білім алып, елде түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар. Сонымен бірге, бұл жиынға Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысуда.


Форумның мақсаты — ширек ғасыр ішінде жастар саясатында қол жеткізілген жетістіктерді көрсету, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолында елдің жас буынын жұмылдыру, сонымен қатар, оларды «Мәңгілік ел» құндылықтары аясында біріктіру.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»