Жаман тұмау жайлағалы жазғы маусымда Бурабайға ат ізін салатындар азайып қала ма деген қауіп те болған. Ішкі туризмді дамыту үшін жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Соның бірі көпшілікті елең еткізе түсуге тиісті осы жоба.
"Бизнестің жол картасы" аясында "Даму" қорынан қаржылай көмек алып, бір жылдың ішінде тұрғыздық. Демалатын аумақ 300 адамға шақталған. Елімізде пандемияның таралуына байланысты демалушылар санын уақытша 100-ге дейін қысқартып отырмыз", - дейді кәсіпкер Павел Безвербный.
Өткен жылы кәсіпкер "Бизнесті қолдау және дамыту" бағдарламасы арқылы 4 миллион теңге несие алған. Бұл қаражат аквапарктің құрылысы мен оған қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалған. Сонымен қатар спорттық құрылғылар да сатып алынды.
Ақмола облысы