
Симптомды және симптомсыз жағдайлар бөлінеді.
"Симптомы бар науқастар ерекше назарда болады. Бұл олардың ауруы асқынып кетпеуі және қажетті госпитальдандыру көмегін ұсынуды дер кезінде жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Симптомсыз адамдар да назардан тыс қалмайды. Олардың барлығы өңірлік емханаларда үй карантинінде бақылауда болады", деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.