Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Атырауда он күнде үш адам суға батып кетті

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су да – тілсіз жаудың бірі. Атырау облысында соңғы он күнде суға кетудің үш оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда он күнде үш адам суға батып кетті

Маусымның алғашқы аптасында Жылыой ауданының 30 жастағы тұрғыны Жем өзеніне батып кеткен еді. Ал кеше 11 жасар бала  Жайық өзенінде жантәсілім етті. Енді осындай оқыс оқиға  Қызылқоға ауданында тіркеліп отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 48 жастағы ер адам Ойыл өзеніне суға түскен. Алайда, өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсында шомылып жүріп, судан кері шықпай қалған. Оны іздеу  11 маусымда  кешкі сағат 18:07-де басталыпты.

"Іздестіруге төтенше жағдай қызметінің 5 қызметкері, 1 техника мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Кеше кешкі сағат 19.30-да суға батып кеткен адамның денесі табылып, жағаға шығарылды" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.