Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Қызылордада залалсыздандыру жұмыстары қайта қарқын алды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты қаланы инфекциядан залалсыздандыру жұмыстары қайта жанданды. Дезинфекциялауды №66597 әскери бөлімі мен арнайы мекемелер арқылы бекітілген қызметкерлер қарқынды жүргізуде. Олар аз уақыт ішінде 500 мың шаршы метр аумақты залалсыздандырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада залалсыздандыру жұмыстары қайта қарқын алды

Қазіргі уақытта көп қабатты үйлердің аулалары, адамдар көп шоғырланатын жерлер, демалыс паркі, дүкендер мен сауда орындары және аялдамалар гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспамен дезинфекциялануда.

Карантин басталғалы бері қала аумағында 6 миллион шаршы метрге жуық жерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, бұған 28 арнайы техника, 200-ге  жуық қызметкер тартылды.

Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында облыс орталығында тағы 8 бірдей залалсыздандыру тоннелі орналастырылды. Олар  үлкен сауда орындары мен №2 Мұрагер мектебінің ауласына, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ғимараттары жанына және қалалық мәдени және демалыс паркіне қойылды.