Аймақтар • 13 Маусым, 2020

Павлодардағы 2 қабатты таун-хаустар жеке пешпен жылытылады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы  әуежай аумағында жеке үйлер қалашығы салынуда. Қазір мемлекеттік бағдарламалар барысында 55 тұрғын үй құрылыс жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодардағы 2 қабатты таун-хаустар жеке пешпен жылытылады

Бұл бірыңғай келбетті 2 қабатты таун-хаус және 1 қабатты жеке үйлердегі пәтерлердің 1 шаршы метрі "Нұрлы жер" бағдарламасымен 120 мың теңгеге ұсынылуда.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл аумақ Кенжекөл ауылдық аумағына қарасты болғандықтан, жергілікті әкімдік "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы баспананы сату туралы хабарландыру берген. Жалпы, Әуежай қалашығындағы жеке үйлер құрылысына жер телімі  2007 жылы берілген. Сол кезде жер кодексінің талабына сәйкес кезекте тұрған азаматтарға 10 соттық жер тегін үлестірілді, қосымша шаруашылық мақсатында 5 сотықтан сатып алған.

Бірақ, инженерлік инфрақұрылымның (электр желісі, су және канализация құбырлары, жылу көзі) тартылмағандықтан, жер учаскесінің иелерінің 10 жылдан астам уақыт бойы құрылыс бастамаған. Кейін қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен республикалық бюджеттен екі кезеңмен бөлінген қаржыға электр желісі тартылады.            

Ал, 120-дан астам адамның жер учаскелері уақытында игерілмеуі себепті мемлекетке қайтарылған. Бірақ, 120 шаршы метрден асатын, 2 қабатты таун-хаустарға орталық жылу құбыры тартылмағандықтан, тұрғындар үйлерін жеке пешпен жылытуға мәжбүр. Тіпті, жылу құбырлар тартылған, бірақ, ұрланған, облыс орталығындағы Достық жаңа шағын ауданын жылумен қамтуға пайдаланылған көрінеді. Тұрғындар облыстық әкімдіктен кінәлілерді тауып, жылу құбырын қайта қалпына келтіруге мәжбүрлеу керектігін сұрайды. Жергілікті әкімдіктер, құқық қорғау органдарына ресми сұраныс түсірмек.

 

Павлодар облысы