Аймақтар • 13 Маусым, 2020

Павлодар облысында орман өртенді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жариялады.

Павлодар облысында орман өртенді

"13 маусым 12:55 кезінде "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерваты Шалдай филиалының Галкин орман шаруашылығы аумағында орман өртеніп жатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда резерват пен "Қазавиалесоохрана" кәсіпорны қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтауға күш салып жатыр. Бұл іске жеке құрамнан 6 адам мінген МИ-2 тікұшағы, 5 өрт сөндіру машинасы, 2 трактор мен 2 жеңіл көлік жұмылдырылған. Жалпы қанша адамның жалынмен арпалысып жатқаны нақтыланып жатыр.

Өрттің себебі - найзағай разряды. Өрт шыққан сәтте ауа температурасы +34 С құрады. Оңтүстік-батыс бағыттағы жел жылдамдығы 10 м / с құрап отыр. Өрттің болжамды алаңы 100 га (орман дақылдары). Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде", - деп жазды ол.