08 Қазан, 2013

Таза энергия – болашаққа жаңа қадам

599 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінде «жасыл экономикаға» көшу, энергиялық тиімділікті көтеру, жел, су, күн энергиялары арқылы таза экологиялық қуат көздерін алуға қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Бұл үшін мүмкіндік еліміздің бар­лық өңірлерінде бар. Оны ұтым­ды пайдаланып, жоғары технологиялық, инновациялық жобаларды өндіріске енгізуді жиілетіп, осы бағыттағы қадамды тездету мақсатында атқарылудағы іс-шаралар күннен-күнге ширатылып та келеді. Соның жар­қын көрінісі Қарағанды өңірінен байқалады. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдар­ламасымен (БҰҰДБ) серіктестікте өткізген аймақтық семинары осыған байланысты болды.

Оған қатысушыларға арналып ұйымдастырылған көрмеде көрсетілгендей, облыста таза тех­нологияны енгізу бойынша на­зар аударарлықтай жағымды жаңалықтар мен тәжірибелер аз емес. Мәселен, суды 2-3 есе үнем­деуге жағдай жасайтын тамшылатып суару технологиясын, қалдықтарды қауіпсіз өңдеу, энергия үнемдеу, сондай-ақ, жеке инвестор да сала алатын, ал мемлекет белгілі бір мерзімге электр қуатын кепілді түрде сатып алып, бекітілген тарифпен қамтамасыз ететін жел стансасын салу сияқты инновациялық ізденістер үйренерлік іске айнал­ған. Сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыста энергия тиімділігін көтерудегі шаралар да нәтижелі табыс әкеле бастауда. Облыс орта­лығындағы Нүркен Әбдіров даңғылындағы тұрғын үйлер біріне БҰҰДБ аясында жергілікті «Эргономика» компаниясының автоматтандырылған жылу және су жылыту нысандарын орнату жұмыстары арқасында пәтер иелері жылу энергиясы бойынша 22 пайыз қаражат үнемдеуге қол жеткізсе, Әлихан Ермеков көшесінде салынған жаңа тағы бір үйге БҰҰДБ және Ғаламдық экологиялық қор жобасының қаржысы есебінен құрылыстың энергиялық стандарттарды талапқа сай пайдалануы, яғни үйді жылыту және жылуды рекурперациялау (кері қайтару) жүйесі 30 пайызға дейін үнемдікке септігін тигізді.

Қалалармен қатар, ауылдық жерлерде де бұған дейін еске­рілмей келген резервтерді пайдалана білуге белсенді әрекет өсу үстінде. Бұрын далаға бос кетіп жатқандай желдің күшін, күннің қызуын қолдануға көшкен Шет ауданындағы «Азат» шар­уа қожалығының жетекшісі Ті­леу­ғабыл Есенбековтің тәжіри­бесін қолданушылар ұлғайып отыр.

Еліміздің «жасыл эко­но­ми­каға» көшу жөніндегі тұжы­рымдамасының мақсаттары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, талқыланған семинарда Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Талғат Ахсамбиев, Қазақстан Рес­публикасындағы БҰҰДБ тұ­рақ­ты өкілінің орынбасары Ека­терина Панкилова және басқа қатысушылар сөз сөйлеп, бұл маңызды мақсатты іске асыруға ғылыми-зерттеу орталықтары ға­лымдары мен мамандарын белсенді тарту қажеттігін, атал­ған жүйені дамыту елдің эконо­микалық жағынан ғана күшті емес, әлеуметтік те, экологиялық жағынан да әлеуетті болуына мүмкіндік беретінін атады. Олар мұндай алқалы басқосулардың энергияның жаңартылған көз­дерін дамытуға, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта игеруге, эко­логиялық жүйелерді басқару мәсе­лелеріндегі халықаралық үр­дістерді қолдануға, жергілікті компаниялардың белсенділігін күшейтуге ықпалы мол боларын қолдады.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.