"12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е.
Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, Премьер-Министр тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс.
Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады", - делінген хабарламада.