Спорт • 15 Маусым, 2020

"Канелоның" командасында дайындалған қазақстандықтың қарсыласы анықталды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момыновтың (10-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Канелоның" командасында дайындалған қазақстандықтың қарсыласы анықталды

28 жастағы боксшымыз шаршы алаңға 16-маусым күні шығады. Бұл бокс кешін әйгілі Top Rank компаниясы Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand қонақ үйінде өткізеді.

BoxRec мәліметі бойынша, қазақстандық боксшының қарсыласы 26 жастағы америкалық Кэмерон Краел (17-15-3, 4 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып отыр.

Момынов өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың 23-мамырында Коста-Меса (Калифорния штаты, АҚШ) өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Джонатан Стилды (9-3-1, 6 КО) жеңген еді.

Айта кетейік, отандасымыз 2017 жылы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) спарринг қарсыласы болған еді. Ол кезде мексикалық атақты боксшы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) қарсы өткізетін кездесуге дайындалып жатқан.