Алтын орда мемлекетінің 750 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатқан қазба жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. Белгілі археолог Мадияр Елеуов жетекшілік жасайтын мамандар қазір кесененің орнын толық аршуға кірісті. Болжам бойынша, кесене көлемі үлкен және толығымен қыштан тұрғызылған.
Экспедицияға археологтар, жас ғалымдар және жергілікті ауыл тұрғындары тартылған. Қышқаланы зерттеу 2018 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді.