Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Шымкенттің темір жол вокзалында санитарлық талап күшейтілген

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік арақашықтық, бетперде режімі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz 

Шымкенттің темір жол вокзалында санитарлық талап күшейтілген

Ал жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіндегі кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі.

"Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дезинфекция шаралары жасалады. Жазғы демалыс маусымы басталғалы  пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары артқан. Тұрғындар тек тасымалдау тоқтамаса болды, тәртіпті сақтауға дайынбыз", дейді Шымкент Темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет.

Еске сала кетейік, елімізде жолаушылар пойызы бірінші маусымнан жүре бастады. Шойын жол тасымалын іске қосу үш кезеңнен тұрады. Билеттер 15 мамырдан сатыла бастаған. Осы уақытқа дейін Шымкент темір жол вокзалынан 7000-ға жуық билет сатылған.