Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Атырауда көпірден секірген бойжеткен қайтыс болды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың қақ ортасындағы көпірден секірген 21 жастағы бойжеткен суға батып  кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда көпірден секірген бойжеткен қайтыс болды

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқыс оқиға 13 маусымда сағат 23:20 шамасында болыпты. Дәл осы уақытта 1999 жылы туған бойжеткен қаладағы орталық көпірден Жайық өзеніне секіріпті.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері бойжеткеннің денесін кеше көпірдің астынан тауып алды. Бойжеткеннің өз өмірін қиюына не себеп болғаны белгісіз.