08 Қазан, 2013

Жаңа Доктрина – саяси бағытқа жаңа серпін

412 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

2013 26 08  07 40 30  086Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бәсекеге қабілеттілікте алға үлкен мақсат қойып, мемлекеттің барлық құрылым­дары­на үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі. Осыған сәйкес, тиісті мекемелер стратегиялық іс-шаралар жоспарын бекітіп, шұғыл жұмысқа кірісті. Оның ішінде, еліміздегі саяси ең ірі ұйым – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы да бар. Қазір қоғам болып партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктринасын талқылап жатыр. Бұл партияның ғана емес, алдағы мерзімде біртұтас Қазақстанның саяси айнасы мен бағыт-бағдары болмақ.

2013 26 08  07 40 30  086Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бәсекеге қабілеттілікте алға үлкен мақсат қойып, мемлекеттің барлық құрылым­дары­на үлкен жауапкершілік жүктегені белгілі. Осыған сәйкес, тиісті мекемелер стратегиялық іс-шаралар жоспарын бекітіп, шұғыл жұмысқа кірісті. Оның ішінде, еліміздегі саяси ең ірі ұйым – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы да бар. Қазір қоғам болып партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктринасын талқылап жатыр. Бұл партияның ғана емес, алдағы мерзімде біртұтас Қазақстанның саяси айнасы мен бағыт-бағдары болмақ.

Қазақстан тәуелсіздік алған қиын жылдары мемлекеттің алдына үлкен сенім ұялататын ірі мақсат керек болды. Сол қажеттілікке орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен «Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданып, оған ғаламат күш-жігер жұмсалды. Нәтижесінде, аз ғана уақыттың ішінде еліміз ТМД және Орталық Азия елдері арасында көш бастап, мақсат мерзімінен бұрын орындалды. Жақында ғана Қазақстан ресми түрде бәсекеге қабілетті әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енді. Бұл көптеген алпауыт мемлекеттердің 100-150 жылда жеткен жетістігін бас-аяғы 10-15 жылдың ішінде бағындырған еліміздің шынайы мықтылығын дәлелдесе, оның астарында қыруар еңбек пен адам айтқысыз ілкімді ізденістер және Елбасының салиқалы да кемеңгер саясаты мен көреген көшбасшылығы жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды.

Тарихқа алтын әріптермен жазылатын осы бір ғаламат құндылықтар Қазақстан үшін одан да биік белестерді бағындыруға құлаш серметіп отыр. Енді мемлекет әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарынан орын алуға басымдық алды. Осыған байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, алдағы алынар межені нақтылады. Оған қатысты атқарылар міндет пен бағыт-бағдарды да өзі айқындап көрсетті.

«ХХІ ғасыр – бейбітшілік пен тұрақтылықтың гүлденген ғасыры болады. Қазақстан халқы – ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсаттарымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын. Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол ашсын», деген Елбасы Жолдау арқылы «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын, адамзаттың мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерін сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры болатынына кәміл сенемін», деп ел сенімін үкілей түсті.

Бұл өз кезегінде елдің ертеңіне бейжай қарай алмайтын барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға өз жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік берді. Соның арқасында қоғамда болашаққа деген үлкен сенім мен ынтызарлық, еңбекке деген инновациялық ойлау мен жаңғырған идеялар жиынтығы пайда болып, ірі жаңару психологиясы серпілісті жұмыс істеуге көшкенін айта кету керек. Мәселен, дәл қазіргі уақытта еліміздегі ең ірі саяси «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы дайындаған «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» атты жаңа Саяси доктрина да қоғам ішінде қызу талқыланып жатыр. Ел дамуы мен мемлекет игілігі үшін қабылданған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясында жүктелген міндеттерді орындаудағы өз мақсатын айқындап алуға ниеттенген партияның жаңа Доктринасы еліміздің жаңа саяси бағытындағы негізгі бет-бейнесі болмақ. Өйткені, халқымыз үшін аса маңызды болып табылатын басымдықтардың барлығы дерлік орын тапқан Доктрина – Қазақстанды Мәңгілік Ел ету жолындағы Елбасының жаңа ғасырлық және жаңа дәуірлік бастамасына үлкен серпін беруді мақсат еткен «Нұр Отан» партиясының жаңаша ойлаудағы биік ұстанымы.

Елбасы әрбір сөзінде сапалы берілген білім болашаққа салынған инвестиция екенін әрқашан айтып келеді. Осы орайда, Доктрина сапалы білім беру ісіне аса зор мән бере қарайды. Мәселен, «Біздің құндылықтарымыз» туралы айтылған екінші басымдықта «Біздің басты құндылығымыз – Адам, оның қадір-қасиеті» дей келе, «Әр азамат туғаннан бастап әлеуметтік және басқа да қызметтер кешеніне кепілді әрі тең тұрғыда еркін қол жеткізе алуы тиіс. Бұл әр азаматтың саламаттығына, сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына, лайықты жалақы алуына, жеке баспанасының болуына, отбасын құруға, өз балаларының болашағын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді», делінген. Бұл тұжырым Доктринаның Ата Заңмен астасып жатқанын айғақтайды. Өйткені, Конституция азаматтардың толықтай білім алуына кепілдік етеді. Сонымен қатар, табысты дамуға қажетті 7 факторды санамалаған жаңа саяси құжат «Әділ әлеуметтік сая­сат» тармағында «Білім беру жүйесі білімнің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және оны нарықтық экономика жағдайында қолдануға қабілет беруге тиіс. Мұндай білім азаматтардың мұқтаждықтарына және ұдайы оқуға деген ұмтылыстарына сәйкес келуі керек», деген түйін жасайды.

Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашақ иесі әрі интеллектуалды ұлттың негізі. Осыған қатысты «Зияткер ұлт» бөлімінде «Қазіргі заманғы қоғамдағы бәсекелестіктің басты белгісі – бірегей білім мен технология. Сондықтан, Қазақстанның болашағы – зияткер ұлт және инновациялық экономика. Ол үшін біз басқару, гуманитарлық және білім беру инновацияларын дамытуды қажет деп санаймыз. Бұл білім қоғамын, жаңа экономиканың арқауы болып табылатын зияткер тапты қалыптастыруға ықпал етеді. Біз, сондай-ақ, ғылым мен білімнің дамуына, жас азаматтардың инновациялық және шығармашылық әлеуетін іске асыруына, жаңа мүмкіндіктер жасауға айтарлықтай ықпал ететін боламыз. Мұның бәрі біздің әрқайсымыздың прогреске және жасампаз шығармашылыққа ұмтылумен қатар, қуатты инновациялық серпіліске және экономикалық өркендеуімізге септігін тигізеді», деп алға үлкен міндет қояды.

Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қабылданғалы отырған Доктрина партияның халық алдындағы тарихи жауапкершілігін күшейтетіні сөзсіз. Сондықтан, бұл жаңа саяси құжат – бұқаралық бірлікті арттырудағы «Нұр Отанның» нұрлы жолы болмақ. Оған ендігі кезекте барлығымыздың жұмыла кірісуіміз ғана қажет.

Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің ректоры.

Соңғы жаңалықтар