Қоғам • 15 Маусым, 2020

Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі кейінге ауыстырылды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі 24 маусымға ауыстырылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі кейінге ауыстырылды

Бақыт Сұлтановтың кездесуі  24 маусымда сағат 14.30-да оnline режимінде өтеді.

Алдын ала есептік кездесу бағдарламасы келесідей:

- сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін - Министрдің баяндамасы және Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook және YouTube ресми парақшаларында трансляция арқылы азаматтар мен БАҚ мәселелеріне арналған "шұғыл" желінің жұмысы;

- сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін - "Хабар 24" т/к брифинг және трансляция.