Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған Испания Ла Лигасы 11 маусымда қайта жалғасты. Турнир кестесінде көш бастап тұрған «Барселона» мен «Реал» рестартты жеңіспен бастады.

98 күннен кейін алғашқы ойынын өткізген «Барселона» клубы футболды сағынып қалғаны анық байқалды. Месси бастаған команда «Мальорка» клубымен кездесіп, жауапсыз төрт доп соқты. Ойынның екінші минутында Артуро Видаль есепті ашса, 37-минутта Мартин мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда Альба таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізсе, Лионель Месси ойынның нүктесін қойды. Месси кейінгі екі голдың ассистенті болғанын да айта кетейік.
Мадридтің «Реал» командасы «Эстадио Альфредо Ди Стефано» стадионында «Эйбар» клубын қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті. Корольдік клуб кездесу тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастады. 4-минутта Тони Кроос айып добынан кейін есепті ашса, 30-минутта Серхио Рамос өзі бастаған шабуылды нәтижелі аяқтады. Арада жеті минут өткенде Марсело командасының үшінші голын соқты. Ал «Эйбар» командасынан екінші таймда Бигас бір голмен жауап қатты.
Турнир кестесінде «Барселона» 61 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орындағы «Реал» командасында 59 ұпай бар.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар