Әлем • 16 Маусым, 2020

COVID-19-ды жеңген Жаңа Зеландияда қайта вирус тіркелді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Зеландияға жерлеу рәсіміне келген Ұлыбританияның екі азаматы вирус жұқтырғаны анықталды. Осыдан кейін елде қатаңдату шарасы күшейтіліп, жерлеу рәсіміне қатысуға болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

COVID-19-ды жеңген Жаңа Зеландияда қайта вирус тіркелді

Өткен жаңалықтарда баяндағандай Жаңа Зеландия әлемде вирусты жеңген екінші ел болды. Елде вирус жоқ деп жариялап, барлық ішкі шектеуді алып тастаған еді. Алайда осыдан кейін шекараға қатаң шектеулер қойылды, тек ел азаматтары мен қажетті жұмысшылар ғана кіре алады.

Жаңа Зеландияға келгендердің барлығы COVID-19 сынақтан өтіп, 14 күндік оқшаулау мен карантин кезеңінен өтуі тиіс.

Өткен дүйсенбіде Жаңа Зеландия төрт деңгейлі дабыл беру жүйесінің ең төменгі деңгейіне өтті. Бұл − әлемдегі пандемияға қарсы қалыпты жағдайға оралған бірнеше елдің біріне айналды. Сөйте тұра Ұзын ақ бұлт елі әлеуметтік қашықтық қажет еместігі және көпшілік жиындарға да ешқандай шектеулер қойылмағаны туралы баяндады.

Елдің премьер-министрі Джакинда Ардерн бұл жағдайда "әрі қарай әрекет етеміз" деп ескертіп, "жою ­− уақыттың талабы емес, үнемі қадағалап отыру", дейді өзінің кезекті сөзінде.

Тарих беттерінде Жаңа Зеландияның вируспен күресудегі іс-әрекеті жоғары бағаланатыны мәлім. Ең бастысы, қатаңдату шараларын күшейтіп, шекараны жауып және оқшаулауды тез арада жүзеге асырғандары. Соңғы кездері Жаңа Зеландияда ауру басталғаннан бері індет жұқтырғандардың жалпы саны 1506-ға жетті. Қайтыс болғандар саны 22 болып, өзгеріссіз қала бермек.