Аймақтар • 16 Маусым, 2020

Павлодар облысы әкімінің орынбасары вирус жұқтырды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус анықталып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары вирус жұқтырды

Дене қызуының көтерілуіне байланысты Асхат Оралов COVID-19 тестін тапсырып, оң нәтижені берген. Қарым-қатынаста болған ортасы анықталып, енді санитарлық-эпидемиялық тексерулер жүргізілуде.

"Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері КВИ-ден сынақтан өтті. Нәтижелері кейінірек жарияланады", дейді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер кейінге шегерілді.