08 Қазан, 2013

Күнтізбеде – тұлғалар тағылымы

242 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

01кунтизбе«Қазақ күнтізбесін» шығаруды жал­ғастыруда «Қазақстан» баспа үйінің игі­лікті ісін әркез еске салып отырамыз. Осы баспа болмаса, бұл игілікті шаруа тоқ­тап та қалар еді-ау дейсің. Кешегі қа­ғаздың да, қаржының да қат кезінде, тіпті, өзіне тиімсіз болғанына қарамай, бұл баспа оны шығаруды жалғастырды. Жырт­па күнтізбені басып шығаруда шетел­ге тәуелділікті жою мақсатында оның кітапшалық түрі таңдап алынып, мұ­ның өзі қазір дәстүрге айналды. Және оның айтарлықтай артықшылығы да аңға­рылып отыр. Бұл кітапшаларды енді, жыл өтсе де сақтап қойып, ондағы мағ­лұ­мат­тарды ұзақ уақыт пайдалануға болады.

01кунтизбе«Қазақ күнтізбесін» шығаруды жал­ғастыруда «Қазақстан» баспа үйінің игі­лікті ісін әркез еске салып отырамыз. Осы баспа болмаса, бұл игілікті шаруа тоқ­тап та қалар еді-ау дейсің. Кешегі қа­ғаздың да, қаржының да қат кезінде, тіпті, өзіне тиімсіз болғанына қарамай, бұл баспа оны шығаруды жалғастырды. Жырт­па күнтізбені басып шығаруда шетел­ге тәуелділікті жою мақсатында оның кітапшалық түрі таңдап алынып, мұ­ның өзі қазір дәстүрге айналды. Және оның айтарлықтай артықшылығы да аңға­рылып отыр. Бұл кітапшаларды енді, жыл өтсе де сақтап қойып, ондағы мағ­лұ­мат­тарды ұзақ уақыт пайдалануға болады.

Баспа үйі күнтізбенің алдағы 2014 жылқы жылындағы кітапшасын шығарып, жұртшылыққа ұсынды. Оның қандай ерекшелігі бар? Жалпы күнтізбенің бір жылдағысының екінші жылдағысынан айтарлықтай өзгешелік болуы мүмкін бе? Тек мағлұматтар болмаса, оның түрі өзгере қоймаса керек қой. Сөйтсе де кәнігі қаламгер Нұрмахан Оразбек осы күнтізбелерді әзірлегенде әр жылда оның бірдей болуынан қашыңқырап, әркез оның түрін де, мазмұнын да өзгертіп, жетілдіріп отырғаны аңғарылады. Әрине, барлық күнтізбелерге тән күн мен айдың шығуы және батуы сияқты өзгермейтін анықтамалықтар бар. Түрі дегенде, құрастырушы бұған дейін күнтізбе материалдарын қасаң құжаттық тілден еркін де әсерлі баяндауға көшіргені бар. Сондай-ақ, фактілерді де тым көп тізуден арылып, күнтізбені пайдаланушылардың назарын басты оқиғаларға аударуға бағыт ұстаған еді. Ұлттық құндылықтарға – ұлттық тұлғаларға, бабалардың сөзіне, фольклорға, салт-дәстүрлерге көбірек назар аударған.

Күнтізбенің алдағы жылға арналған кітапшасында нендей жаңалық бар? Бірден ол аңғарыла қоймас. Әдеттегідей күнтізбенің бұрынғы дәстүрлі айдарлары сақталғанмен, негізінен бұл жолы еліміздің айтулы тұлғаларының мүшелтойлық күндеріне орай олар жайлы анықтамалықтарға көбірек орын берілген. Бұрындары көп ретте сол тұлғалардың жасын мәлімдеумен шектелсе, енді олар жайында қалай да мағлұмат беру тәртіпке айналғандай.

Бұл ретте құрастырушы ондай тұлғаларды көбірек қамтуға да назар аударған. Мұның өзін қазіргі уақытта ел тарихына айрықша мән берумен байланыстыруға болар еді. Ел тарихы тұлғаларға да қатысты. Сол тұл­ғаларды уақыт тудырған. Олардың өмір­баян-қызметінен тарих сипаты көрі­неді. Тіпті кейде бұрын айтыла қой­май­тын тұлғаларды күнтізбеден көріп, тарихтың жаңа беттерін аш­қан­дай боласың. Айталық, ұлы Абай­дың баба­сы Ырғызбай Айдосұлы, Қаз­дауыс­ты Қазыбек бидің шөбересі Ал­шын­бай Тіленшіұлы, Ресей отаршыла­рына, Қоқан хандығына қарсы күрес­ті ұйым­дас­ты­рушылар Байзақ Мәм­бет­ұлы (Бай­зақ датқа), Тұрғанбай Көшім­бай­ұлы сияқты тұлғалар жайында анық­та­ма­лыққа кезігіп, олжа тапқандай боласың.

Әрине, бұрыннан белгілі тұл­ға­лармен олардың мерейтойлары тұ­сында қайта кезігу де ғанибет. Әсіресе, 100 жылдық дейтін айшықты кезеңді еске алу олардың алдындағы парыздай көрінеді. Қаншама өнер адамдары, ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері сондай мүшелді жасқа жеткенде, олардың өмір жолын бір шолып өтудің тағылымы үлкен. Ел мүшелтойын атайтын тұлғалардың өмір жолын күні бұрын біліп отырып, сол мерекеге белгілі дәрежеде дайындықпен барғанда, оның әсері де жоғары болмақ. Сәбира Майқанова, Шәкен Айманов, Әнуарбек Үмбетбаев, Саттар Ерубаев... тағы басқалардың туғанына 100 жыл толады. Күнтізбеде олар жайында тұшымды анықтамалықтар бар.

Бүгінгі әңгіменің басты мақсаты – «Қазақ күнтізбесінің» жарыққа шығып, сатуға түскенін хабардар ету ғана. Көпшіліктің сұранысы болар, биыл ол 7 мың таралыммен шығыпты. Оны да жақсылыққа жорыдық.

Мамадияр ЖАҚЫП,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.