Қазақстан • 16 Маусым, 2020

Бүгінге дейін 2 мыңнан астам армениялық көлік тіркелді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі осы жылдың 1 маусымынан бастап біздің азаматтарымыздың Армения Республикасынан әкелген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Амантайұлы айтты, - деп жазады Egemen.kz

Бүгінге дейін 2 мыңнан астам армениялық көлік тіркелді

"Тіркеудің басым көпшілігі елдің батыс аймақтарында. Республикадағы барлық тіркеудің жартысына жуығы  Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының үлесіне келеді. Тіркеу рәсімі өте қарапайым және азаматтардан көп уақытты қажет етпейді. Тіркеу шарттары мен көлікке қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар осы жағдайлар үшін мүмкіндігінше жеңілдетілген", дейді Серік Амантайұлы.

Оның айтуынша, тіркеу рәсімі өте қарапайым және азаматтардан көп уақытты қажет етпейді. Тіркеу шарттары мен көлікке қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар осы жағдайлар үшін мүмкіндігінше жеңілдетілген.

"Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және олар біздің елімізге 2020 жылғы 1 ақпанына дейін кіргізілген сол жақты басқару тетігі бар көлік құралдары тіркеуге жатады. Тіркеу автокөліктің иесіне, яғни Армения Республикасында берілген техқұжатта көрсетілген тұлға бойынша жүзеге асырылады. Мұндай көліктерді тіркеу сенімхат немесе сақтандыру полисі негізінде басқаратын адамдарға жүргізілмейді, өйткені заңды түрде олар көлік иесі болып саналмайды", деп айтты Серік Амантайұлы.