Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Атырау облысында дала өрті өршіп тұр

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда Исатай ауданының бірнеше учаскесінде  40 гектар аумақ жанды, - деп жазады Egemen.kz

Атырау облысында дала өрті өршіп тұр

"Аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықта орналасқан Қамысқала ауылына қарасты "Айсақұдық" участогіндегі дала өрті  туралы хабар түсті. Дала өртін сөндіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Оның ішінде 8 ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 жергілікті тұрғын бар", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дала өрті кеше  толықтай сөндірілді. Тілсіз жау "Тұяқ қызыл", "Есенқара қоңыры", "Хасен", "Қоңырбай", "Айсақұдық", "Отау", "Қаштай", "Досқали" учаскелерін де шарпыды.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35

Шыршаны балталау тыйылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 15:37