"Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер босанып жатыр. Бүгінде 17 бала дүниеге келді. Жалпы қалада 112 жүкті әйел вирус жұқтырған. Оның 78-і стационарда ем қабылдап жатыр. 12 маусымнан бастап қосымша төсек қорындарды қайта бейімдеу есебінен провизорлық стационарлардың төсек-орын саны 300-ден 705-ке дейін көбейді. Осы мәселеге байланысты төсек қорын қайта бейімдеу есебінен жеке перзентхана немесе COVID-перинаталдық орталық ашамыз", - деді Сәуле Қисықова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 20-дан астам вирусологтың індет жұқтырғанын хабарлаған едік.